Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

©pixebay.com

1. Almaty urban air

Aua

Алматы ауасының сапасын бақылайтын мобилді қосымша. Бағдарлама арқылы ауаның ластануы және оның денсаулық пен қоршаған ортаға жағымсыз әсері туралы көбірек білуге болады.

2. 2Gis

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

2Gis қосымшасы

  • ғиматтардың мекен-жайын анықтауға;
  • компаниялар, кеңселер, орталықтардың байланыс нөмірлерін алып, олармен хат алмасуға;
  • қоғамдық көліктердің бағыттарын анықтауға;
  • қай жерде тұрғаныңызды білуге;
  • көлік кептелісін бақылауға көмектеседі.

3. Uber

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

Uber қосымшасы арқылы такси қызметін пайдаланасыз. Яғни жүргізушіге тапсырыс беріп, көлікті брондайсыз. Сонымен бірге көліктің қайда келе жатқанын бақылай аласыз. Сізге ұсынылған жүргізушінің көлік маркасын, есімі, суреті мен осы күнге дейін жинаған рейтингі (жүргізушінің өзін-өзі ұстау мәдениеті, музыканың жоғары деңгейі, ыңғайлы орынға мобилді қосымша арқылы тұтынушының беретін бағасы) туралы ақпаратты білесіз. Белгіленген жерге жеткенде төлемді қолма-қол немесе төлем картасы арқылы жүргізе аласыз.

Жолаушыларға мынадай тарифтер ұсынылады:

  • автокөлікті ұсыну үшін 170 теңге;
  • әр шақырымға 40 теңге;
  • әр минутқа 5 теңге;
  • қаланың кез келген жерінен әуежайға бару бағасы 2500 теңгені құрайды.

4. Food fanda

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

Foodfanda қосымшасы арқылы тамақты онлайн тапсырыс бере аласыз. Foodfanda-да тамақты үйге жеткізетін қызметтері бар мейрамханалар жинақталған.

5. Egov

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

Egov қосымшаcымен 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болады. Егер өзіңізде электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы  туралы ақпаратты аласыз.

Бұдан бөлек, қосымшамен коммуналдық қызметтерді, салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды төлеуге болады.

6. Tickets.kz

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

Tickets мобилді қосымшасы әуе, мейманханалар, теміржол және автобус билеттері, сақтандыру, трансфер, автожалгерлік, сити брейк, түрлі іс-шараларға арналған билеттерді онлайн сатып алуға мүмкіндік береді.

8. Оңай

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

«Оңай» қосымшасымен картадағы қаражатты тексеріп, оны комиссиясыз толтыра аласыз. Егер картаңыз жоғалса, ішіндегі ақшаны жаңа картаға аударуға болады. Мобилді қосымшада автобус номерлерін көрсетсеңіз, автобус бағдарын көре аласыз.

9. Ktjportal

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

Қосымша арқылы пойызға электронды теміржол билетін сатып алуға болады. Бұдан бөлек мобилді қосымшада пойыз кестесі, онлайн билет алуға қатысты ақпараттар берілген.

9. Сitybus

Алматылықтардың смартфонында болуы тиіс 9 мобилді қосымша

СityBus арқылы автобустың бағытын онлайн түрде бақылап, аялдамаға келетін уақытын біліп, жол жүру картасында қанша қаражат қалғанын тексеруге болады. Қосымшаны кез келген қала тұрғыны ұялы телефонына тегін жүктеп ала алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *