2018 жылы қазақстандықтар қай күндері демалады?

Елімізде мереке күндері екіге бөлінеді: ұлттық және мемлекеттік мерекелер. Бұл күндер қазақстандықтар үшін жұмыс күні болып есептелмейді. Егер мереке күндері демалыс күндеріне сай келсе, мерекелік демалыс келесі жұмыс күніне ауысады.

Қазақстан Республикасының мереке күндері:

Ұлттық мереке:

  • Тәуелсіздік күні – 16 – 17 желтоқсан;

Мемлекеттік мерекелер:

  • Жаңа жыл – 1–2 қаңтар;
  • Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
  • Наурыз мейрамы – 21–23 наурыз;
  • Қазақстан халықының бірлігі күні – 1 мамыр;
  • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
  • Жеңіс күні – 9 мамыр;
  • Астана күні – 6 шілде;
  • Конституция күні – 30 тамыз;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

«Қазақстан Республикасының мереке күндері» заңына сай, 2018 жылда мереке күндері сенбі, жексенбі күндеріне түсу себебінен демалыс уақыты былай өзгереді:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 1 желтоқсаннан  3 желтоқсанға дейін, 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға дейін; алты күн жұмыс істейтіндер 6 желтоқсаннан 18 желтоқсан аралығында демалады.

 2018 жылы Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 21 тамызға келеді.

Өндірістік жоспар бойынша 2018 жылы жұмыс уақытының нормасы төмендегідей болмақ:

Аптасына 40 сағат жұмыс істейтіндер үшін:

бес күндік жұмыс уақыты 1968 сағат (246 күн * 8,00 сағат)
алты күндік жұмыс уақыты 1984 сағат (247 күн * 7,00 сағат + 51 күн * 5,00 сағат)

Аптасына 36 сағат жұмыс істейтіндер үшін:

бес күндік жұмыс уақыты 1771,2 сағат (246 күн * 7,20 сағат)
алты күндік жұмыс уақыты 1788 сағат (298 күн * 6,00 сағат).

 

Айта кетейік, ҚР Еңбек Кодексінің 68-бабы бойынша, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

Cондай-ақ осы Кодекстің 68-бабында көрсетілгендей, әр түрлі жастағы, санаттағы адамдар үшін жұмыс уақыты белгіленген:

  1. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
  2. 16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Ал ауыр жұмыстарда, зиянды немесе қауіпті жерлерде жұмыс істейтіндер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Сондай-ақ, І және ІІ топтардағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы қажет. Әрі олардың күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.

Осы Кодекстің 79-бабында көрсетілгендей, жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.