Басты бет Жаңалықтар Ресейде Әлия Молдағұловаға ескерткіш тақта орнатылды

Ресейде Әлия Молдағұловаға ескерткіш тақта орнатылды

Ресейдің  Ярославль облысының Некрасов районындағы Вятское селосындағы мектептің қабырғасына  Кеңес Одағының  Батыры Әлия Молдағұловаға ескерткіш тақта орнатылды.  

©ehistory.kz

Ескерткіш тақтада «Қазақ халқының даңқты қызы Әлия Молағұлова  Вятская  мектебінде 1942 жылдың наурызынан мамыр айына дейін оқыды. 1944 жылы 14 қаңтарда ерлікпен қаза тапты» деп жазылған.

Ескерткіш тақтаны ашуға село тұрғындары мен  мектеп оқушылары арнайы дайындалған. Ашылу салтанатында батыр қызға арналған музыкалық шара ұйымдастырылған.

Айта кетейік, осы кеште  жергілікті  әскери тарихшы Дарья Тимощенконың «Последний бой Алии» атты жаңа кітабының тұсаукесері болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version