Басты бет Жаңалықтар Роналдиньо спорттық карьерасын тоқтатты

Роналдиньо спорттық карьерасын тоқтатты

Бразилия құрамасындағы әлем чемпионы Роналдиньо спорттық карьерасын тоқтатты. Бұл туралы оның бауыры Роберто Ассис мәлімдеді.

©ftbl.ru

«Ол аяқтады. Болды, бітті. Біз Ресейде өтетін әлем чемпионатынан кейін үлкен шара өткіземіз. Шамамен, тамыз айында болатын шығар. Сонымен қатар, Бразилия, Еуропа мен Азияда түрлі шара ұйымдастырамыз. Бразилия құрамасын қатыстырып та матч өткіземіз», — деді Ассиса Globo Esporte.

Роналдиньо наурыз айында 38 жасқа толады. Ол 2005 жылы «Алтын доп» иегері болды. Сондай-ақ, ФИФА-ның рейтингі бойынша екі рет үздік ойыншы атанды.

ПСЖ, «Барселона», «Миланның» экс-ойыншысы Роналдиньо соңғы рет «Флуминенс» клубында ойнады. 2015 жылдың қыркүйегінде аталған клубтан шығып, 2016 жылы Үндістанның мини-футболдан өткен чемпионатына қатысты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version