Басты бет Жаңалықтар Макгрегор UFC чемпиондық титулынан айырылды

Макгрегор UFC чемпиондық титулынан айырылды

Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор Абсолютті жекпе-жек чемпиондығының (UFC) жеңіл салмақтағы чемпион титулынан айырылып қалды.

©bloodandsweat.ru

«Конор өз титулын ұзақ уақыт бойы қорғамағандықтан одан айырылып қалды», — деп жазды дереккөз.

Кеше Макрегордан босаған титул үшін енді ресейлік Хабиб Нурмагомедов және америкалық Тон Фергюсон таласады. Олардың жекпе-жегі Нью-Йоркте 7 сәуірде өтеді.

15 қаңтар күні ирландиялықтың чемпондық титулынан айырылуы туралы UFC басшысы Дан Уайт алдын ала айтқан болатын. Оның айтуынша, екі жыл бойы ешқандай жекпе-жек өткізбей, титулды ұстап отыру, басқа спортшыларға жасалған қиянат болады.

29 жастағы Макгрегор аралас жекпе-жектен 24 кездесу өткізді. Оның 21-інде (18-і алдын-ала) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Макгрегор UFC-дағы соңғы жекпе-жегіне 2016 жылдың қараша айында шықты. Ол кезде америкалық Эдди Альваресті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version