Нұрсұлтан Назарбаев Рауль Кастромен кездесті

Кездесу барысында екі жақтың сауда-экономикалық, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарын нығайту сөз болған.

Ақорда сайты «Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастроның денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларында бірлесіп жұмыс істеу жағына жеке тоқталғаны және бұл жағынан екі ел мамандарының тәжірибе алмасуының маңыздылығы туралы» айтылғанын жазады.

Назарбаев 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға ниет білдірген Қазақстанды қолдауға келіскен Кубаға ризашылығын блдірді.