iPhone және iPad құрылғыларында видеоны қандай бағдарламамен жасауға болады?

1. Pinnacle Studio Pro

Видео монтажбен айналысып жүрген жандарға бұл бағдарламаның атауы етене таныс. Pinnacle Studio Pro бағдарламасы iOS форматында ең үздік әрі ыңғайлы бағдарламалардың қатарына жатады.

©applespark.com

Негізгі ерекшелігі қолданушылар үшін әртүрлі эффектілер, бейне және аудионы кесуге арналған ыңғайлы құралдар мен әдемі шаблондардың болуы.

2. Adobe Premiere Clip

Аталмыш бағдарлама көмегімен дайын видеоларды осы бағдарлама арқылы одан әрі көркемдеуге болады.

©applespark.com

Adobe Premiere Clip бағдарламасының мүмкіндіктері:

  • құрылғыда сақталған фото, видеолар тез монтаждалады;
  • видеолар дыбыспен синхрондалады;
  • әлеуметтік желілерге бірден жариялауға болады.

3. iMovie

Бұл бағдарлама видеодағы керек емес бөліктерді кесіп тастауға өте ыңғайлы. iMovie бағдарламасын бір рет қана тегін пайдалануға болады.

©applespark.com

iMovie әртүрлі клиптерді берілген үлгіге сәйкес біріктіріп, бейнеколлаждарды жасауға ыңғайлы. Сондай-ақ, қарапайым, қысқа фильмдерді тез жасап шығаруға көмектеседі.

4. Magisto

Өз құрылғыңыздағы фото, видеоны жүктеп, бұл бағдарлама көмегімен дайын видео жасауға болады. Эффектілер мен шаблондар үлгісі Magisto бағдарламасымен таңдалады.

©applespark.com

Бүгінде аталмыш бағдарлама жақсы пікірлерге ие. Қолданушылар стильді эффектілер, дыбыспен жұмыс істеудегі басты құралдар және басқа да көптеген мүмкіндіктерді де осы бағдарлама арқылы пайдалана алады.

5. VivaVideo

VivaVideo арқылы клиптерді өзгертіп, арнайы фильтр мен эффектілер қолдануға болады. Көпшіліктің пікірі бойынша, бұл бағдарлама iOS-тағы видео жасаудың ең оңай нұсқасы саналады.

©filearchiv.ru

Айта кетейік, жоғарыда ұсынылған бағдарламалардың барлығын iPhone, iPad құрылғыларына тегін жүктей аласыздар.