Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Тәжікстан өзара жер учаскелерімен алмасатын болды

Қазақстан мен Тәжікстан өзара жер учаскелерімен алмасатын болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депуттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беруге байланысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды құжатты әзірлеу мәселесін қарастырды.

©ru.depositphotos.com

«Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін бір-біріне 1 гектар көлеміндегі жер учаскелерін 49 жылға дейінгі мерзімге символикалық жалдау ақысымен пайдалануға береді. Келісім осы мәселенің құқықтық негіздерін айқындайды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді депутат.

Аталған заң жобасы бойынша қорытынды құжатты әзірлеу Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version