Басты бет Мәдениет «Астана Опера» Кувейт сахнасында өнер көрсетті

«Астана Опера» Кувейт сахнасында өнер көрсетті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениетімізді шетелде насихаттау үшін "Астана Опера" өнер ұжымы алғаш рет Кувейт мемлекетіне гастрольдік сапармен барды.

©astanaopera.kz

Кувейтте танымал опера жұлдыздары Майра Мұхамедқызы, Медет Шотабаев, оркестрдің концертмейстері скрипкашы Айсұлу Байкенова мен домбырашы, дирижер Руслан Баймұрзин өнер көрсетті.

Кувейт мемлекетінің астанасы Эль-Кувейт қаласында осы елдің мәдениет, өнер және әдебиет ұлттық кеңесінің ұйымдастыруымен өткен XXIV халықаралық мәдени фестивальде дүниежүзінің танымал театрлары қатысып, өнерлерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара — Қазақстан мен Кувейттің мәдени байланыстарын тереңдетуді көздейді.

«Астана Опера» театры Кувейт жеріне концерттік бағдарламамен келіп, өнерсүйер қауымға керемет көңіл-күй сыйлады. Сол үшін өз ризашылығымды білдіремін. Халықты мәдениеті, өнері мен әдебиеті арқылы тануға болады. Бүгінгі кеште сіздердің мәдени құндылықтарыңыздың бір парасын көріп, ерекше тамсанғанымызды жасырмаймын. Болашақта Кувейт пен Қазақстанның ынтымақтастығын күшейтетін осындай екіжақты іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы тиіс»,-дейді Кувейттің мәдениет, өнер және әдебиет ұлттық кеңесінің Бас хатшысы Аль-Мухандис Әли Әл-Юха.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version