Басты бет Мәдениет Леонардо Ди Каприо қанішердің рөлін сомдайды

Леонардо Ди Каприо қанішердің рөлін сомдайды

Леонардо Ди Каприо Квентин Тарантиноның жаңа фильмінде басты рөлге тағайындалды. Актер сериялық қанішер, «Жанұя» сектасының жетекшісі Чарльз Мэнсонды сомдайды.

©Brod.kz

«Режиссердің жаңа жобасының әзірге атауы жоқ»,- деп жазады Deadline.com.

Ди Каприо үшін 2015 жылы жарыққа шыққан «Тірі қалған» картинасынан кейін Мэнсон туралы фильмнің түсірілімі алғашқы болмақ. Актер осы таспадағы рөлі үшін «Оскар» иеленген.

Леонардо ДиКаприо Квентин Тарантиномен бұрын да жұмыс істеген. 2012 жылы ол «Босатылған Джангода» басты рөлдердің бірі, қатігез құл иеленуші Кэлвин Кэндиді сомдаған.

Тарантино фильміндегі оқиға 1969 жылы Лос-Анджелесте өрбиді және Мэнсон мен тобының сериялық қылмыстарына тоқталады. Хикаяның тұсаукесері 2019 жылдың 9 тамызына жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version