Алматы облысында екі автожол жабылды

Алматы облысында екі жол учаскесі ауа райына байланысты әлі жабық тұр, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК.

Фото: Pavlodarnews.kz

«15 қаңтар күні дауыл тұрып, көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты «Үшарал-Достық» автожолының Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі (83-184 км) учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қарлы боранның соғуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 287-558 км учаскесі жүк көліктері үшін жабылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version