Грекияда қоғамдық көлік қызметкерлері ереуілге шықты

Грекияда метро, автобус және темір жол қызметкерлері жаппай ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты. Олар үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсылығын білдіруде.

©24.kz

Наразылық акциясына әуе диспетчерлері де қатысты. Соның кесірінен біраз рейстер кейінге шегеріліп, тұрғындар мен саяхатшылар діттеген жерлеріне жете алмай жатыр.

Қоғамдық көлік өкілдерінің ереуілге шығуына парламенттің халықаралық қарыз берушілермен келісілген шараларды талқылауға кірісуі себеп болып отыр. Өйткені жаңа заң жобасы бойынша әлеуметтік өтемақылар одан әрі қысқартылмақ. Сондай-ақ, банкротқа ұшыраған адамдардың мүлкін сату жоспары да бар.

«Қоғамдық көлік өкілдері билікке наразылықтарын білдіру үшін мұндай әдісті қолданбауы тиіс деп ойлаймын. Олар қарапайым адамдарға кері әсер етпейтін жолдарды қарастыруы керек шығар»,- дейді испаниялық саяхатшы Мария Ромеро.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version