Бүгін Халықаралық «The Beatles» күні

Халықаралық «The Beatles» күні

«Битлз» тобының күні ЮНЕСКО-ның шешімімен 2001 жылдан бері аталып өтіледі.

The Beatles — Англияның Липерпуль қаласында 1960 жылы құрылған британ-ағылшын рок тобы.  Жеке қатысушылары «битл», сонымен қатар топ «керемет төрттік» және «ливерпульдік төрттік» деп аталады. Музыка тарихында ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан ең қадірленген топтардың бірі.

The Beatles композициялары Джон Леннон және Пол Маккартнидің ортақ қаламдарынан туған. Топтың тіршілік кезінде мүшелері өлен шығару қабілеттерін өте жоғары деңгейіне дамыған. Олардың ән қоржындарында 1963-1970 жылдары жарық көрген 13 альбом,211 әндері бар. Битлз тобының ықпалы бүкіл әлемде әрі Кеңес үкімет кезіндегі Қазақстанымызда да байқалды.

АҚШ-та дiни сенім бостандығы күнi

Құрама Штаттарда қаңтардың 16-сын дiни сенім бостандығы күнi деп жариялай отырып, бұрынғы президент Джордж Буш діни сенімге және сол сенімді өз сөздерімен істерінде білдіру құқығы ол «әрбір адамға берілген құқық» деп атап өтті.

Тайландта мұғалім күні

1956 жылы премьер-министр Филд Маршал Пибулсонкрам бiлiм саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiн — мұғалiм күнін бекітті.