Жеке тұрғын үй салуға жер учаскісі инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін беріледі. Өткен жылы осы іске 6 млрд 987 млн теңге бөлінген болатын.
Қала әкімі аппаратының жетекшісі Серік Нысанбаевтың айтуынша, қалалық билік жерлерді қайтаруға жұмыстанып жатыр.
Қала әкімі Серік Шапкенов осы мәселеге айрықша назар аударып отыр. Жер мақсатты пайдаланатын адамдарға ғана берілуі керек. Қазір пайдаланылмаған жерлерді сот арқылы қайтаруды бастадық, жалпы ауданы 11,7 га үш жер учаскісі мемлекетке қайтарылды, — деді Нысанбаев.