Басты бет Жаңалықтар 2018 жылы 500 мың адам жұмыспен қамтылады

2018 жылы 500 мың адам жұмыспен қамтылады

2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 500 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады.

©kazprom.kz

2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 573 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде — 403 мың адам (70,4%) жұмыссыздар, 149 мың адам (26%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.

Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі қатысқан жастардың үлесі 42,5%, ал әйелдер үлесі – 49,2% болды. 138 мыңға жуық адам жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналасқан.

Жалпы алғанда, 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 85 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version