2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 573 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған.
Оның ішінде — 403 мың адам (70,4%) жұмыссыздар, 149 мың адам (26%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.
Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі қатысқан жастардың үлесі 42,5%, ал әйелдер үлесі – 49,2% болды. 138 мыңға жуық адам жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналасқан.
Жалпы алғанда, 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 85 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.