Басты бетЖаңалықтарiPhone-да әндерді...

iPhone-да әндерді қандай қосымшалар арқылы тыңдаған тиімді?

Music Player

Айфон, музыка
© phonenosound.com

Music Player — iOS қолданушыларының сүйікті қосымшасы деп айтсақ, қателеспеген болар едік. Мұнда әуендер lossless форматында сапалы дыбысталады. Music Player қосымшасы Вконтакте, YouTube, SoundCloud, Зайцев арқылы әндерді жүктейді. Кейін оларды офлайн тыңдауға болады.

ListenOnRepeat

Listen On Music
© Twitter.com

Бұл қосымша YouTube желісі арқылы әуен тыңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнда әндерінің дерекқорынан плейлист жасай аласыз. Қосымшаның ерекшелігі: өзіңіз ауыстырғанша, ән қайталанып орындала береді. Егер әуеннің қайырмасы ғана ұнаса, сол жерін қиып алып, қайталатып орындатуға болады.

Сондай-ақ ListenOnRepeat қосымшасында радиостанцияларды қосуға болады. Тек iOS-қа емес, қосымшаның Android-қа да арналған нұсқасы бар. Бірақ онда радио жоқ.

eMusic

eMusic
© Billboard

Телефоныңыздан әуенді офлайн тыңдауға мүмкіндік беретін сервистің бірі — eMusic. Мұнда қажет әнді таңдап, телефоныңызға жазып аласыз.

Сондай-ақ eMusic түрлі жанрдағы жаңа әуендерді ұсынып отырады. Қаласаңыз, оларды да көшіріп алуыңызға болады.

Яндекс.Музыка

Яндекс Музыка
© Cyberstyle.ru

Яндекс.Музыка арқылы ешқандай авторизацияландырусыз браузерден ән тыңдауға болады. Қазіргі уақытта Telegram-бот функциясы бар. Ол әуенді анықтауға, өзіңіздің әндеріңізді жүктеуге мүмкіндік береді.

Telegram

Телеграм Музыка
© iPhones.ru

Өткен жылдан бері Telegram месенджері кең танымалдылыққа ие болды. Оның ән тыңдауға ыңғайлы сервис екенін біреу білсе, біріне жаңалық болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Telegram месенджерінде каналдар саны да көбейіп, аудиоларды офлайн тыңдауға да мүмкіндік берді.