Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаңа...

Алматыда жаңа екі автобус бағыты ашылды

№46 бағыт бойынша жылжымалы құрамның 10 бірлігі қызмет көрсетіп, интервал арасы 10 минутты құрайды. Болжамдағы жолаушылар легі — тәулігіне 3000 адам.

Көлік бағыты Первомайка ықшам ауданы – Универсалды базары – Құлагер елді мекені – Жетісу аудандық әкімдігі – Белинский көшесін қамтып, «Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады.

Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына трассификация бойынша өзгеріс енгізілді. Енді көлік мыналарды қамтиды: Рахат, Мәдениет ықшам аудандары — №196 мектеп — М.Шоқай көшесі — Орталық — ҮАК- Саялы – ХҚКО авто — Ақын Сара көшесі — Б.Момышұлы көшесі — Универсиада көшесі — Алатау ауданының ХҚКО. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруді бастады. Интервалы — 20 минут.

Айта кетейік, 2017 жылы көлікті реформалау аясында Алматыда 388 автобус алынған.