Басты бетЖаңалықтарЕліміздің дүкендері...

Еліміздің дүкендері 9 трлн теңгеге тауар сатқан

Базарда және жеке жұмыс істейтін кәсіпкерлер бір жыл ішінде 4 трлн теңгеге (45,3%), ал сауда желілері 4,8 трлн теңгеге (54,7%) сауда жасады. Жекелеген саудадағы азық-түліктің жалпы көлемі 36,7%-ды (3,2 трлн теңге), ал азық-түлікке жатпайтын тағамдар көлемі 63,3%-ды (5,6 трлн теңге) құрайды.

Азық-түліктер саудасы бір жылда 8,7%, ал өзге тауарлар 4,9% өсті. 2017 жылдың желтоқсан айында сауда 16,9% өсіп, 1 трлн теңгеден асты. Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар тамаққа 16,5% (388 млрд теңге), ал азық-түлікке жатпайтын тауарларға 17,1% (688,5 млрд теңге) жұмсады.

Дереккөзbaq.kz