Назарбаев Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесін алуымен құттықтады

Қазақстан президенті кездесу барысында Геннадий Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртбесіне ие болуымен  құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.

Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.