Қазақстанның ауасы ең қатты ластанған қалаларының тізімі жасалды

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Астанада ауаны негізінен күкірт диоксиді ластайды екен, ол қоңыр көмір мен мазутты жағатын жылу электростанциялардың жұмысының, күкірті бар мұнай өнімдерін және күкірті бар рудалардан металл алу жұмыстарының нәтижесінде бөлінеді.

Ал Алматыдағы ауада азот диоксиді бар, ол өте жоғары температурада отынның жануы мен оттегінің шектен асуынан пайда болады. Ол негізінен автомобильден шығатын газ бен ЖЭС қалдығынан, сонымен қатар қатты қалдықтардың және газдың жануынан шығады екен.

Зерттеу мәліметінше, Талдықорғанның ауасында РМ-10 бөлшектері мен күкіртті сутек бар. Олар қазбалы және өзге де отынның жануынан шығады. Күкіртті сутек органикалық заттардың ыдырауынан шығып, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылық аңын суларында, металлургиялық, химиялық, целлюлоздық-қағаз, былғары зауыттарында болады. Ал Түркістанның ауасында РМ-10 бөлшектері тіркелген.

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының ауасы ең таза болып саналады. Бұл елді мекенде ластаушы концентрациялық заттардың шегі бірде-бір рет бұзылмапты.

Инфографикада 2016 жылдың қаңтар айы бойынша зерттеудің нәтижесі көрсетілген.

Инфографика

Сонымен қатар, ауасы қатты ластанған қалалардың тізімі ұсынылды: Степногорск, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Теміртау, Қарағанды және Глубокое ауылы. Ауасы жоғары деңгейде ластанған қалалар: Саран, Тараз, Шымкент, Орал, Петропавл, Жаңатас, Шу, Актөбе, Балхаш, Қаратау, Семей, Жезқазған, Атырау, ауылдар: Ақай, Қарабалық, Қордай, Январцево және Бейнеу. Ауасының ластану деңгейі төмен қалалар: Ақсу, Риддер, Қызылорда, Жаңаөзен, Екібастұз, Кентау, Рудный, Құлсары, Көкшетау, Ақтау, ауылдардан: Сарыбұлақ, Төретам, Березовка, «Бурабай» және Щучинск-Боровск курорт аймағы.

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы прокуратурасы тұрғындарға үндеу жасады

Алматы прокуратурасы митиң өткізу туралы жалған хабарламаларға қатысты тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Елена Рыбакина Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндірді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанын түсіндірді.

Алматының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.

Парламент мәжілісінің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. 

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына гүл қою рәсімі өтеді

Алматылықтар үшін 31 мамыр күні  еске алу орындарына баратындарға көліктер ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.