Басты бет Қоғам Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілетін болады.

Фото: Сергей Венявский

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында жәрдемақының жаңа түрін енгізуді тапсырды.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінеді», — делінген Елбасы Жолдауында.

Елбасы сондай-ақ 2018 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінген шығын 12 %-ға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асқанын атап өтті.

1 пікір

  1. Бала туылганнан кейн берілетін жардем акыны акесинің атынан тапсыруга болама?жумыс исти бередіме или уйде отырса гана толенеме ?жумыс истеген пнага усине косыладыма тагы жардемакы?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version