Басты бет Жаңалықтар Астанада КХЛ «Жұлдызды апталығы» ойындары басталды

Астанада КХЛ «Жұлдызды апталығы» ойындары басталды

Бүгін Астанада КХЛ «Жұлдызды апталығы» ойындары басталады. Ойынға қатысатын құрама командалар елордаға келіп үлгерді.

©astana.gov.kz

10-14 қаңтар аралығында континентальді, жастар және әйелдер хоккей лигалары шоу бағдарлама көрсетпек. Хоккей апталығы «Барыс Арена» мұз айдынында өтеді. 10 қаңтар күні бірінші болып әйелдер лигасының үздіктері шығады. Олар өткен жылдағыдай  матчтың басты жүлдесі үшін «Шығыс» және «Батыс» болып ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, ойын барысындағы үзілістерде ӘХЛ үздіктері жылдамдыққа, техникалық ойынға байланысты түрлі жаттығулар көрсетіп тәжірибелерімен бөлісетін болады. Жұлдызды команда құрамына қазақстандық  «Томирис» әйелдер клубынын екі ойыншысы кіріп отыр. Ойын 10 қаңтар күні сағат 16:00-де басталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version