2018 жылдың 16-18 қаңтары аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады. Сапар барысында АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланып отыр. Президент сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.
Осы орайда Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 1992 жылы мамыр айында жасаған тұңғыш сапарынан бейнематериал жариялады.