Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 27 минут 17 секундта (Гринвичтік уақыт бойынша 03 сағат 27 мин 38 секунд) Алматы қаласынан шығысқа қарай 28 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейcмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі хабарлайды.

Алматыдан 28 км жерде болған жер сілкінісі шкала бойынша 2 баллды құраған.

Айта кетейік, жер сілкінісінің тереңдігі — 20 км.

ДереккөзSome.kz