Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Павлодар облыстарында күндіз жел екпіні 23-28 м/с болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді, түнде кей жерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, бұрқасын болады.
Қарағанды облысының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасың, көктайғақ, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Күндіз кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ, күндіз жел тұрып, 15-20 м/с жетеді.