Басты бет Қоғам Air Astana ұшақтарына ғаламтор желісі орнатылды

Air Astana ұшақтарына ғаламтор желісі орнатылды

Air Astana әуе компаниясы барлық «Боинг-767» ұшағына жылдамдығы жоғары ғаламтор желісін орнатты.

©Kapital.kz

Бангкок, Куала-Лампур, Сеул, Дубай қалаларына және ішкі бағыттарда ұшатын «Эйр Астана» ұшақтарының жолаушылары енді сымсыз интернетті пайдалана алады. Бұл мүмкіндік бизнес және эконом класс жолаушыларына бірдей қолжетімді.

Ғаламтордың көмегімен жолаушылар әлеуметтік желілер арқылы хат алмасып, әуен тыңдап, пошталарын тексере алады.

Жолаушыларға үш түрлі интернет пакеті ұсынылады:

  • «Старт» 15 Мб;
  • «Бизнес» 50 Мб;
  • «Cупер» 100 Мб.

Алғашқысының бағасы — 1 500 теңге, кейінгілері — 4500 және 7 500 теңге. Интернетке қосылудың орташа жылдамдығы – 2-ден бастап секундына 5 мегабайт.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version