1 қаңтардан бастап балаға төленетін жәрдемақы көлемі өзгерді. Баланың дүниеге келгені үшін төленетін жәрдемақыдан бөлек, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы бағасы да көтерілді.
Айта кетейік, анасының орнына әкесі де бала күтіміне байланысты жұмыстан уақытша босатыла алады.
Босану жәрдемақысы жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін барлық әйелдерге республикалық бюджеттен төленеді. Босану жәрдемақысы АЕК мөлшерінде (2405 теңге) есептеледі. Сонымен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК, яғни 91 390 теңге; төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК, яғни 151 515 теңге беріледі;
Жәрдемақыны алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. Баланың туылуына байланысты жәрдемақы бір рет төленеді. Ескертейік, бала туу туралы жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш беру мерзімі бала туған күннен бастап 12 айдан аспауы керек.
Мемлекеттік корпорацияға мыналарды өткізу қажет:
- туу туралы жәрдемақы тағайындау туралы өтініш;
- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- оралмандарға — оралманның куәлігі, баланың туу туралы куәлігі немесе туған күні туралы акті жазылады.
- балаға қамқоршылық (қорғаншылық) немесе бала асырап алу туралы анықтама болған жағдайда, бала асырап алу немесе асырап алу туралы қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат бекітіледі.
- қызмет алушының деректері мен баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтер арасындағы айырмашылық болған жағдайда, неке қию (бұзу) туралы куәлігі;
- өтініш пен құжаттар үшінші тараптан берілсе, міндетті түрде сенімхат болуы қажет.
Мүгедектігі бар әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын балаға қамқорлық жасайтын адамдарға бала 1 жасқа толғанда (жұмыс істемейтін адамдар үшін), бала тууға жәрдемақы және бала күтімі бойынша жәрдемақы төленеді; жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туылған балаға қамқорлық жасайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркелген адамдарға арналған.
Бала күтімі бойынша ай сайын төленіп отыратын жәрдемақы көлемі мынадай:
бірінші балаға – 5,76 АЕК – 13 853 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК – 16 378 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК – 18 879 теңге;
төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК – 21 405 теңге;
Балаға мемлекеттік жәрдемақы ай сайын бала 1 жасқа толғанға дейін төленеді. Емдік жәрдемақыға өтініш беру мерзімі баланың туылған күнінен бастап 12 айдан аспауы керек.
Айта кетейік, бала бір жасқа толмай тұрып жұмысқа шығып кетсеңіз де, мемлекеттік жәрдемақыдан бас тартпағаныңыз жөн.