Бөлімшеге бармай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметтерін қалай алуға болады?

Бүгінгі күні азаматтар аталған банк қызметтерін қашықтан алудың бірқатар әдістерін қолданып жүр. Мысалы, Қазпочта арқылы депозит ашуға, депозит толықтырып, несие өтеу үшін басқа екінші деңгейлі банктердің ұялы байланыс операторларын, төлем жүйелерінің сервистерін пайдалануға болады.

Бұл мақалада осы тәсілдерін әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетсек.

Банк жұмысын автоматтандыруда

Жаңа бағдарламалық IT-өнімдерді бизнес-процестерді автоматтандыру – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үздіксіз жүріп отыратын іс. Бұл, мәселен, клиенттерге қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартуға жол ашады. Мысалы, шот ашу туралы келісім-шартқа қазір бар болғаны 7 минут уақыт жұмсалады. Бұрын бұл көрсеткіш 30 минутты құрайтын. Осындай өзгерістердің арқасында банк қызметтерін алу ыңғайлы, жылдам әрі жеңіл жүреді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашудың жолдары:

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шотты үш жолмен ашуға болады. Олар:
• Банктің филиалдары мен бөлімшелері;
• Қазпочта бөлімшелері (саны ел бойынша 800-ден астам, келісім-шарт бекіту процесі автоматтандырылған);
• Банктің мобильді агенті (мұндай кеңесшілердің саны 1000-ға жуық. Үйге немесе жұмысыңызға келіп, кеңес беріп, депозит ашып береді).

Депозит толықтыру және несие төлемін жасау

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ашылған депозитті толықтырып, несиені өтеу үшін сіз банктің өз терминалдары мен кассаларынан бөлек, басқа да 20-дан астам балама әдістерді қолдана аласыз. Ол үшін Қазпочта, сондай-ақ Kaspi Bank, Халық банкі, Банк ЦентрКредит, Қазкоммерцбанк, Сбербанк сервистерін пайдалануға болады.

Бұдан бөлек QIWI және PayPoint төлем жүйелерінің, eGov электронды үкіметінің және Beeline мобильді операторының көмегімен төлем жасау мүмкіндігі бар.

Сервистердің басым бөлігінде операция үшін комиссия алынбайды (Beeline, Банк ЦентрКредит және Халық банкінен басқа).

2017 жылдың мамыр айынан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері QR-код көмегімен төлем жүргізе алады. Ол үшін банктің депозит сертификатында көрсетілген екідеңгейлі штрих-кодты қолдануға болады. Kaspi.kz және E-pay арқылы жүретін бұл операция ұялы телефонның көмегімен төлем жасау уақытын айтарлықтай қысқартады.
Ал егер несиені толық өтеуге немесе депозитті толықтыруға аз ғана сома жетпей жатса, SMS-банкингті қолдана аласыз. Нақтылап айтқанда Beeline операторының көмегімен СМС-хабарлама жіберіп, төлем жасауға болады. Алдағы уақытта басқа ұялы байланыс қызметін ұсынатын компаниялар бұл сервиске қосылуы мүмкін.

2018 жылы банк жеке терминал желісін ұлғайтып, төлем қабылдаудың басқа да жолдарын іске қосуды жоспарлап отыр.

Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталы

Бұл – мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй аламын деген адамдарға пайдалы болатын онлайн-сервис.

Порталда:
• Ұнаған нысанға дауыс беруге;
• Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін өтінім беруге;
• Таңдау кестесін толтырып, ұнаған пәтерді таңдауға болады.

Өтінім ресімдеу кезінде қолданушылар құрылыс мерзімін, бағасын, заем бойынша пайыздық мөлшерлемені және заем шарттарын көре алады. Шешіміңізді өзгертсеңіз, өтінімнің күшін жойып, басқа пәтерді таңдай аласыз. Мұның бәрі онлайн жасалады. Сайтта мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары және заем алу шарттары туралы анықтамалық ақпарат бар.

Баспана.KZ жылжымайтын мүлік порталын қолдану үшін «ЖССБ 24» интернет-банкингінде тіркелу қажет. Интернет-банкингке кіру мәліметтерін қолдана отырып сіз портал қызметтерін пайдалана аласыз.

«ЖССБ 24» интернет-банкингі

Өткен жылы банк «ЖССБ 24» интернет-банкингін іске қосып, дамыта бастады. Оның көмегімен клиент шотын толықтырып, жиналған ақшасын, оған берілген сыйақыны, банк бөлімшесіне бару үшін кезек брондап, анықтама пулға қатысуға өтініш бере алады. Сондай-ақ кез келген ТҚЖБ-мен серіктес өзге банктің картасымен несие өтеу мүмкіндігі бар.

Интернет-банкингті кез келген браузер арқылы және iOS, Android платформаларындағы мобильді қосымша түрінде қолдана аласыз.

Видеобанкинг: кезекте тұрмай-ақ кеңес алу

Осы жылы Тұрғын үйқұрылыс жинақ банкі видеобанкингті іске қосты. Ол арқылы клиент видеобайланыс түрінде банк менеджеріне хабарлып, қашықтан кеңес ала алады.

Видеобанкингтің екі түрі бар: бірі – банк бөлімшесінде, екіншісі – сайтта.
Бірінші әдісте сіз бөлімшеге келген соң, кезек күтіп тұрмас үшін арнайы қызмет көрсету аймағына өтіп, операторға хабарласып, өз сұрақтарыңызды қоя аласыз.

Бұл жолмен депозит және несие туралы кеңес алуға, жаңа келісім-шарт бекітуге, шот бойынша көшірме алуға, депозиттен кейінгі операцияларды орындап, анықтама ресімдеуге болады.

Видеобанкингтің екінші түрі сайт пен мобильді қосымшаға жүктеледі. Клиент видеоқоңырау шалып, кеңес алады. Бұл, әсіресе, банк сайтын немесе Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталын қолдануға қатысты сұрақтар туындағанда өзекті. Хабарласқан клиентке арнайы менеджер көмектеседі.