Басты бет Жаңалықтар Атырау тұрғындарына арнайы мобильді қосымша іске қосылды

Атырау тұрғындарына арнайы мобильді қосымша іске қосылды

Жаңа қосымша арқылы қала тұрғындары мемлекеттік мекемелерге әр түрлі мәселелер бойынша онлайн тәртібінде тікелей хабарласа алады.

©Egemen.kz

Мобильді қосымшаны бүгіннен бастап жүктеп алуға болады. Ол үшін  App Store немесе Play Market –тің іздеу жолына ACQ Атырау деп жазса жеткілікті.

Қосымша құрылымы 6  негізгі бөлімнен тұрады. Олар: жұмысқа орналасу, қоғамдық бақылау, ТКШ, қоғамдық көлік, білім,  сұрақ қою секілді маңызды мәселелер мен салаларға арналған.  Әр бөлімде арнайы мәзір бар. Соған сайы қолданушы қажет бағанды таңдап,  сауалын қалдыра алады.

Барлық бөлімде  фото мен бейне енгізу қызметі орнатылған. Түрлі бұзушылықтарға куә болған азаматтар фото  мен бейнежазбасын жібере алады.

Ал жұмыс іздеушілерге еңбек биржасы мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат пайдалы. Бұл бөлім күн сайын жаңартылады. Болашақ талапкерлер оқу орындарының тізімімен, мекен-жайымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қалдыра алады.

Айта кетейік, жақындары деструктивті діни ағымдардың ықпалына тап болғандар немесе сезіктенетіндер психологтарға хабарласып, дінтанушы мамандардан ақпарат алады. Бұл бөлімде өтінімді анонимді түрде қалдыруға болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version