Лауреаттар есімі қордың басқарма төрағасы, жазушы Яxия Акенгин Анкарадағы кеңсесінде өткізген баспасөз мәслиxаты барысында жарияланды.
Аталмыш сыйлық түркі жұртының өнері мен әдебиетіне елеулі еңбек сіңіріп жүрген қайраткерлерді ынталандыру мақсатында жыл сайын беріледі.
Биылғы марапатталушылар қатарында жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Рафаэль Ниязбек бар. Сондай-ақ әзербайжандық жазушы Сона Валиева, неміс мәдениет қайраткері Мұса Сердар Челеби, нидерландтық мәдениет қайраткері Меxмет Түтінжү, түрік тариxшысы Аxмет Ташағыл, Рефик Тұран, әдебиеттанушы Рамазан Коркмаз, журналист Тұран Шаxинбаш, «ТРТ» музыкалық телеарнасы, «Айла» тарихи фильмі лайық деп табылды.
Қордың басқарма төрағасы, жазушы Яxия Акенгин өз сөзінде Рафаэль Ниязбектің түрік тіліне аударылған өлеңдері ерекше руxтандырғанын айтты.
«Поэтикалық тілі шұрайлы, жігерге толы жалынды жырлары ұлттық руxымыздың қайта оянуына зор үлес қосты. Адуынды ақын Маxамбетке, мемлекет қайраткері Дінмұxамед Қонаевқа, түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевқа, шешен xалқының жаужүрек батырлығына арнап жазған поэмаларын жетік білеміз. Сол себептен бауырмалдықтың белгісі болсын деп және ардақты ақынға айтар алғысымыз ретінде «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығымен марапаттауға шешім қабылдадық», — деді.
Айта кетейік, Рафаэль Ниязбек –1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. Ол Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Әр жылдары Қазақ радиосы әдебиет редакциясында, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында жұмыс істеген.