Қанат Ислам WBA рейтингінде бірінші орында келеді

WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атағына ие боксшы 2017 жылдың қазан айынан бастап бірінші орында келеді.

«Qazaq» бақ сынайтын салмақта WBA cуперчемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға, ал тұрақты чемпиондық атақ аргентиналық Карлос Брайан Кастаньо еншісінде. Ал үздік рейтинг үштігінде Қанаттан кейін америкалық Джон Вера мен француз Мичел Соро орналасқан.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.