Басты бет Жаңалықтар Ресей «Эйр Астанаға» өз аспаны арқылы ұшуға рұқсат бермей отыр

Ресей «Эйр Астанаға» өз аспаны арқылы ұшуға рұқсат бермей отыр

Астана - Ұлан-Батыр әуе рейсіне қатысты түйткіл үкімет деңгейінде қаралуы мүмкін. Бұл туралы "Эйр Астана" компаниясының баспөз хатшысы мәлімдеді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Мәселе осы күнге дейін дипломатиялық жолдармен шешілмей отыр. Сондықтан үкімет араласуы мүмкін дейді, компания өкілі.

Еске салайық, Ресей өз әуе кеңістігі арқылы Моңғoлия астанасына ұшатын қазақстандық рейске рұқсат бермей келеді. Көрші ел Транссібір бағыттары бойынша 300 шақырым әуе жолы үшін құн талап етеді. Ал ИКАО мәліметі бойынша, Транссібір бағыты жүйесіне Қазақстаннан Моңғолия, Қытай және Оңтүстік Кореяға ұшу кезінде қолданылатын әуе жолдары кірмейді.

Бір қызығы — Қазақстан ресейлік борттардың үшінші елдерге ұшуына ешқандай шектеулер қоймайды. Мәселен, бір аптада ресейлік әуе компаниялары Қазақстан арқылы шамамен 640 рейс жасаса, ал Қазақстан тарапы Ресей аумағы бойынша аптасына бар болғаны 25 рейс жасайды.

Айта кету керек, бүгіннен бастап «Эйр Астана» Мәскеуге кестеге сай қатынай бастады. Бұдан бұрын «Росавицация» Мәскеуге ұшуға да шектеу қойған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version