Басты бет Жаңалықтар Жаңа жыл мерекесі кезінде аяз күшейеді — Қазгидромет

Жаңа жыл мерекесі кезінде аяз күшейеді — Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мереке күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

«Қарлы-боранды циклон Сібірге ауысты. Алдағы күндері суық ауа ағындары Қазақстанның шығысында қар жауып, боран соғуына себеп болады. Республика аумағында қайтадан антициклон орнайды, ол Жаңа жыл мерекесі күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райының қандай болатынын белгілейді. Негізінен аспан ашық болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Оңтүстік және орталық облыстарда шығыстан соққан жел күшейіп, оның жылдамдығы кейбір жерлерде 15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Көру мүмкіндігі 800 метрге дейін ғана жетеді, оңтүстік өңірлердегі тау асуларында одан да нашар болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан жоғары күйінде қала бермек, тек шығыста нормаға жуықтай түседі.

Сондай-ақ, болжам бойынша 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version