Басты бет Жаңалықтар Әлемдегі ең кішкентай ұялы телефон жарыққа шықты

Әлемдегі ең кішкентай ұялы телефон жарыққа шықты

Kickstarter платформасында жаңа Zanco Tiny T1 жобасы пайда болды. Ол әлемдегі ең кішкентай ұялы телефондарды шығаруға қаржы жинайды.

©youtube.com

HypeBeast порталы Zanco Tiny T1 жобасы аясында шығарылған гаджеттің таныстырылымы түсірілген видеоны көрсетті. Телефонды Clubit New Media, Ltd компаниясы әзірледі. Оның ұзындыңы — 47 миллиметр.

Tiny T1 телефонына 300 адамның нөмірін, 50 хабарлама және соңғы 500 қоңырауды сақтауға болады. Онда оп-оңай қоңырау шалып, хабарлама жолдау мүмкіндігі бар. Телефонға nano-SIM салынады. Сондай-ақ байланыс құралы OLED-дисплеймен жабдықталған. Кішкентай телефон 13 дыбыстық тапсырманы орындайды. Ал батарейкасы үш күнге дейін жетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version