Басты бет Жаңалықтар Астанада Аяз атаның резиденциясы жұмысын бастады

Астанада Аяз атаның резиденциясы жұмысын бастады

Астанада мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен алғаш рет Елорда саябағында Аяз ата резиденциясы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Аяз ата — жаңа жылдың басты кейіпкері. Оны әр елде әр түрлі атайды. Әлемнің балалары армандарды орындаушы атаға хатты да әр түрлі мекен-жай бойынша жазады. Сондай-ақ, балалар Аяз атаның резиденциясына саяхат жасайды екен.

Резиденцияда барлық келушілерді Аяз ата, Ақшақар мен Олаф есімді көңілді аққала қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері кішкентай қонақтарға жаңа жылдық көңіл-күй мен тәттілер сыйлаған болатын.

Елорда саябағының аумағындағы Аяз ата резиденциясы 8 қаңтарға дейін жұмыс күндері сағат 18:00-ден, демалыс күндері сағат 12:00-ден ашық болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version