Аяз ата — жаңа жылдың басты кейіпкері. Оны әр елде әр түрлі атайды. Әлемнің балалары армандарды орындаушы атаға хатты да әр түрлі мекен-жай бойынша жазады. Сондай-ақ, балалар Аяз атаның резиденциясына саяхат жасайды екен.
Резиденцияда барлық келушілерді Аяз ата, Ақшақар мен Олаф есімді көңілді аққала қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері кішкентай қонақтарға жаңа жылдық көңіл-күй мен тәттілер сыйлаған болатын.
Елорда саябағының аумағындағы Аяз ата резиденциясы 8 қаңтарға дейін жұмыс күндері сағат 18:00-ден, демалыс күндері сағат 12:00-ден ашық болады.