Алматыда 18 метрлік қоғамдық автобустар жолға шықты

Жаңа автобустар Төле би, Яссауи көшелері арқылы Шығыс айналма жолына дейін қатынайтын болады. Ол 180 адамға арналған, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Almaty.gov.kz

Жаңа бағыттағы автобустар таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін әр 6 минут сайын қатынайды. Олар кондиционерлермен, видеобақылаумен, пандустармен жабдықталған, төрт есіктің әрқайсысының жанына «Оңай» терминалы орнатылған.

Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылған болатын.

Жалпы, Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус сатып алуға қаржы бөлінген еді. Олардың 185-і жолға шығып, қалған 203-і келер жылдың басында іске қосылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version