Басты бет Мәдениет Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» атты кітабы жарық көрді

Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» атты кітабы жарық көрді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екінші кітабын жарыққа шығарды. Жаңа кітап «Әйел» деп аталады. Бұл туралы тележүргізушінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

©instagram.com

«Жаңа кітабымда 123 әйелдің сұрағына арнайы мамандардың кеңесі, өмірде кездесетін оқиғалар мен сан қилы тағдырлар жазылды. «Әйел» қоғамнан жасырғанымызды бүкпесіз баяндайды… Көп әйелдің көкейіндегі сан сауалға жауап табу мақсатында бұл кітапқа еліміздегі үздік деген псиxолог, гинеколог, маммолог мамандар жұмылдырылды. Көмек сұрай xат жазған 123 әйелдің басындағы жайт қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. «Ләйлә апай…» деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді…»-дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Аталмыш кітап қазір Астана қаласындағы кітап дүкендеріне сатылымға шығарылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version