Navia француз компаниясы жасап шығарған көлік қала көшесімен шығып, апатқа ұшырамай жүріп өтті.
Мамандардың айтуынша, мұндай автобус жасанды сана, робот және интернеттің арқасында еш кедергісіз шаһар көшелерімен қатынауға дайын. Алайда Жапониядағы заңға сәйкес қазір жүргізушісіз автобустарды толық пайдалануға рұқсат етілмеген.
Ал ресми дерекке сүйенсек, биыл жапон билігі жүргізушісіз басқарылатын технологияны мен экологиялық көліктерді дамытуға 25 миллиард доллар қаржы бөлген. 2030 жылға таман елдегі әр бесінші көлікті жүргізушісіз басқарылатындай ету жоспарланып отыр.
Ясуюки Имаи, SoftBank вице-президенті: Менің ойымша, жүргізушісіз автобусты қолданысқа енгізуге болады. Бірақ жергілікті заң бойынша оған әлі толық рұқсат берілмеген. Сондықтан біз билікпен келіссөз жүргізіп, бұл мәселені шешуді көздеп отырмыз.