Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Юлия Галышева әлем Кубогы кезеңінде алтын алды

Юлия Галышева. Сурет © Данияр Майлыбаев

Қазақстандық спортшы фристайл-могул сынында 80.88 ұпай алды. Екінші орынға 80.08 ұпаймен америкалық Джейлин Кауф жайғасса, қола жүлде канадалық Анди Наудеге (80.03) бұйырды.

Қазақстан құрамасы сапынан Дмитрий Рейхард финалдық кезеңде күміске қол жеткізді. Ол 84.92 ұпайға ие болып, жарыс жеңімпазы канадалық Микаэл Кингсберидке (85.94) ғана жол берді. Үшінші орында 82.96 ұпаймен австралиялық Мэтт Грэхэм.

Еске сала кетсек, осыған дейін Юлия Галышева әлем Кубогы кезеңінің алғашқы күні 77.79 ұпайға ие болып, күміске қол жеткізген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version