Жыл сайын жанармай орнына күн қуатын пайдалану қарқын алып келеді. Мысалы, алғашқылардың бірі болып Австралия күн қуатының көмегімен жүретін пойызды іске қосты, деп жазады Forbes.kz.
Аталған пойыз 16 желтоқсан күні Австралияның Оңтүстік Жаңа Уэльс қаласында 3 км жол жүріп өтті. Оны Byron Bay Railroad темір жол компаниясы жасап шығарды. Мамандар осы пойызды жасау үшін 1949 жылғы пойызды қайта өңдеген.
«Біз ескі винтаж пойызды жасы 4,6 млрд жыл болатын энергия көзімен қуаттандырдық», — дейді Byron Bay Railroad компаниясының дамытушы директоры.
Майысқақ күн панельдері вагондардың үсті мен аралық тұрақтарда орналасқан. Бастапқыда аталған пойыз екі дизель қозғалтқышының көмегімен жұмыс істеген. Кейін осылардың біреуі көлемі 77 кВТ болатын аккумулятор мен электр моторына ауыстырылған. Мамандардың айтуынша, пойыз күн қатты бұлттанып тұрған кезде де қозғала алады.