Басты бет Жаңалықтар Астаналық бүлдіршіндер Президент шыршасына қатысты

Астаналық бүлдіршіндер Президент шыршасына қатысты

Оқушылар сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан балалар шыршасы өтуде. Оған 200 бала қатысып жатыр.

©inform.kz

Қазақстанның бас қаласында өтіп жатқан жаңажылдық шыршаның тақырыбы – «Асқақтай бер, Астана». Аталған шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев және депутат Зағипа Балиева қатысты. Сондай-ақ, мерекелік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларға видео құттықтауы арқылы өзінің ізгі тілегін білдірмек. Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин іс-шараға қатысатын балаларды арнайы комиссия іріктеп алғанын айтты.

«Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жаңажылдық шыршаны ұйымдастырып отырмыз. Арнайы комиссия жұмыс істеді. Олар іс-шараға 200 баланы іріктеп алды. Оның арасында оқу озаттары бар», — деді басшы.

Сонымен қатар, ол биылғы жаңажылдық шыршаны қызықты өткізу барысында балаларды ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар, түрлі сайыс өткізілетінін айтып өтті.

«Біз шырша тойын қызықты өткізу жағын ойластырдық. Сондықтан биылғы жаңажылдық шырша интерактивті түрде өтеді. Яғни іс-шара барысында балаларға арналған түрлі конкурстар ұйымдастырылады. Шырша тойы біткен соң, балаларға арнайы сыйлықтар беріледі. Содан кейін 200 бала «Нұр Әлем» павильонын тамашалайды», — деп түйіндеді сөзін Әнуар Жанғозин.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version