Басты бет Жаңалықтар Қанат Ислам WBO рейтингісі бойынша екінші орынға көтерілді

Қанат Ислам WBO рейтингісі бойынша екінші орынға көтерілді

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингісі жарияланды. Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бұл рейтингте бір саты жоғары көтерілді.

Қанат "QAZAQ" Ислам

WBO жаңартылған рейтингіcі бойынша бірінші орында британдық Лиам Смит тұр. Ал бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасты.

Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов тұр.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша боксшы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version