Басты бетЖаңалықтарҚанат Ислам WBO рейтингісі бойынша екінші орынға көтерілді

Қанат Ислам WBO рейтингісі бойынша екінші орынға көтерілді

WBO жаңартылған рейтингіcі бойынша бірінші орында британдық Лиам Смит тұр. Ал бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасты.

Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов тұр.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша боксшы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

ДереккөзInform.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да