WSB жаңа маусымы ақпанда басталады

Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды. Бұл маусымда "Астана Арланс" шаршы алаңға шығады.

©vesti.kz

«WSB жобасының жаңа маусымы ақпан айының алғашқы аптасында басталады», — деп жазады жобаның ресми сайты.

Жаңа маусымдағы додаға 11 команда түседі.

Елордалық «Астана арландары» Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен кездеседі.

«Қытай айдаһарлары» мен «Ресей патриоттары» бұл жобада бұған дейін өнер көрсетсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да, құрамы да белгісіз. Бұл клуб биыл жобаға қатысудан тас тартқан «Өзбек жолбарыстары» командасының орнын басып отыр.

Айта кетейік, «Астана арландары» — WSB жобасындағы ең табысты команда. Біздің ұжым бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды. Екі рет куболық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия командалары бір-бір реттен жеңіске жетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version