21-23 желтоқсанда күн жылынады

«Атлантиканың жылы және ылғалды ауа массасының қысымынан енді Сібір антициклонының әсері баяулайды. Сондықтан Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы жылынады», — деп жазылған хабарламада.

Атлантикалық ауа массалары тек ауа температурасын көтеріп қана қоймай, өзімен бірге қар, бұрқасын жел алып келуі де мүмкін. Бірақ, желтоқсанның 21-23 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады.