Басты бет Жаңалықтар Кеншілердің ереуілі «АрселорМиттал Теміртау» жұмысына қалай әсер етті?

Кеншілердің ереуілі «АрселорМиттал Теміртау» жұмысына қалай әсер етті?

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "АрселорМиттал Теміртау" кеншілерінің жыл соңына дейін металл өндіру бойынша жоба көлемін орындап шығуға міндетті екенін мәлімдеді.

Фото: Inform.kz

Мәжіліс отырысынан тыс уақытта министрге Қарағанды облысындағы кеншілердің ереуілі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысына қалай әсер еткені жайлы сұрақ қойылды.

«Ереуілдер «АрселорМиттал Теміртаудың» өндірістік көрсеткішіне еш әсер еткен жоқ. Біздің ойымызша, компаниядағылар жыл соңына дейін көмір табу мен металл өндіру бойынша жобаны аяқтау тиіс. Компания басшылығы осындай мәлімдеме жасады», — деді министр Қасымбек.

11 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған болатын. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Ал 15 желтоқсанда Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кеншінің шахталардан шыққаны хабарланған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version