Басты бет Жаңалықтар 19 желтоқсанға арналған ауа райының болжамы

19 желтоқсанға арналған ауа райының болжамы

Бүгін еліміздің басым аймағында күн ашық болады, тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.

©Көрнекі фото

Алматы облысы Алакөл өзені аумағында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл облысының аудандарында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version