Басты бетЖаңалықтарБірнеше отбасы...

Бірнеше отбасы «Нұрлы жер» аясында арзан ипотека алды

Келесі жылы бағдарлама арқылы 105 млрд теңгеге 7 мың адам ипотекалық қарыз алуға өтінім бере алады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды субсидиялауда қарыз алушыға, бастапқы тұрғын үйді сатып алу барысында соңғы мөлшерлемесін жылдық 10%-бен беруді қарастырады. Ондағы айырмашылық бағдарлама талаптарына сәйкес, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арқылы мемлекет қаражатымен өтеледі», — деді «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ипотекалық компания өкілінің айтуынша, биылғы жылдың 15 желтоқсанына дейін 12,3 млрд теңге сомасына 1209 өтінім келіп түскен және оның 12 млрд теңгесі (98%), яғни 1180 өтінім мақұлданған. Бағдарлама Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыған.

Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде барлығы 120 млрд теңге сомасына 8 000 қарыз, оның ішінде 2017 жылы — 15 млрд теңгеге 1 000 қарыз және 2018 жылы — 105 млрд теңгеге 7 мың қарыз беру жоспарланып отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, ипотекалық тұрғын үй қарыздары сыйақысының бөлігін субсидиялау бағдарламасы іске асырылғалы бері маусым айынан бастап ипотекалық нарықтың жанданғаны байқалады — коммерциялық банктер (Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкін есепке алмағанда) 2016 жылмен салыстырғанда ипотекалық несиелерді беру көлемін 51%-ға арттырған.

«Халық тарапынан субсидияға деген сұраныс артып отыр, екінші деңгейлі банктер де Бағдарламаға қатысуға қызығушылығық таныта бастады. Бүгінде «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (жеке тұрғын үй құрылысын дамыту) қарыз беріп жатыр. Жыл соңына дейін бұл қатарға «Цесна Банк» АҚ қосылуы мүмкін. Ал келесі жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ , «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ Бағдарламаға қатысуды жоспарлап отыр», — деп өз сөзін түйіндеді Ә.Мұхамеджанов.

Дереккөзkazinform.kz